28 қазанда «STOP – буллинг» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ мектеп директорлары үшін «Буллинг және кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында вебинар өткізді, барлығы109 директор қатысты. ПҚО басшысы Капанова Г.К. жоба шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы туралы айтып берді. Мектеп директорларына балалардан көмек сұрату түскен кездегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді, буллингтің алдын алу бойынша сапалы жұмыс үшін материалдар ұсынылды. Қуанышбекова Е.К. «HR+ психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі» жобасының жетекшісі осы бағыттағы жүйенің мүмкіндігі туралы айтып берді. 28-31 қазан аралығында «STOP – буллинг» жобасы шеңберінде оқу тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар үшін өтеді.

