Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ әдістемелік жұмыс бөлімнің әдіскері Хамзина К.М. ТжКБ ұйымдарының жас педагог-писхологтарына, 10 қазан күні М. Жұмабаев атындағы жоғарғы халықаралық колледжінде, бір жылдық «Жас психолог мектебі» бағдарламасы аясында «Бірінші курс студенттерінің ортаға бейімделуіне психологиялық көмек көрсету» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинарға барлығы 20 жас маман қатысты.
Семинар барысында педагог-писхологтар оқу жылында бейімделу кезеңінде кездесетін қиыншылықтар мен стресс факторларын жеңуге арналған практикалық әдістермен танысты. Күлпан Мұхтаровна педагогтарға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында, өзін-өзі тану, эмоцияларды басқару және әлеуметтік дағдыларды дамыту ойындарын ұйымдастырды.
Семинардың соңында жас мамандар өз пікірлерімен бөлісіп, психологиялық қолдау мен көмектің маңыздылығын атап өтті.

