10 қазан күні «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары №44 орта мектебінің 6 сынып оқушыларына арнап «Қауіпсіздік сабағын» ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушыларға интернет желісінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы, желідегі қауіп-қатерлер, жеке деректерді қорғау жолдары түсіндірілді. Оқушылар ПҚО психологтарынан кеңес алып, интернет желісінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын түсінді. Сабаққа барлығы 51 оқушы қатысты.

