«Қауіпсіздік сабағын» ұйымдастырды

10 қазан күні «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары №43 қосымша білім беру мектеп-орталығының 5 сынып оқушыларына арнап «Қауіпсіздік сабағын» ұйымдастырды.

Сабақ барысында ПҚО психологтары балаларға ойындар мен тапсырмалар арқылы қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Психологтар балалармен қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы талқылады. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, барлық сұрақтарына жауап алды, бұл олардың ақпараттан хабардар болып, өзіне деген сенімділік деңгейін арттырады. Сабаққа барлығы 34 оқушы қатысты.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *