4 қазан күні «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары №28 МЛ бірінші сынып ұстаздарына арнап «Оқушы мен ұстаз арасындағы сенім» атты шеберлік сабағын ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты — оқу процесінде сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ, ұстаздар мен бірінші сынып оқушылары арасындағы байланыс деңгейін көтеру. Шеберлік сабағында ПҚО психологтары ұстаздарға түрлі әдіс-тәсілдер мен кеңестер беріп, кері байланысты қалай дамыту керектігі жөніндегі пікірлермен бөлісті.

