26 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-де Астана қаласы мектептерінің педагог-психологтарының шығармашылық тобының отырысы өтті. Отырысқа 10 психолог қатысты. Қатысушылар «Психология апталығын», оқушылардың, мұғалімдердің және мектеп ата-аналарының қатысуымен өткізілетін іс-шараларды талқылады. Сондай-ақ, педагог-психологтар өз жұмысында кездесетін сұрақтар мен мәселелер көтерілді. Шығармашылық топтың оқу жылына арналған жұмысы мен жоспары талқыланды. Шығармашылық топтың отырысы қатысушыларға тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ әріптестерінен қолдау мен ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.

