21 қазан күні №96 МГ базасында «ПҚО» әдіскерлері жас педагог-психолог мамандарына арналған қалалық семинар өткізді. Семинарға жалпы саны 25 педагог қатысты. Семинарды «Психологиялық қолдау орталығы» басшысының орынбасары Ибрагим М.Б. ашты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы «Ата-ана мен бала арасында конструктивті диалог құру ерекшеліктері» болды. Орталық әдіскерлері жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті, ата-аналармен диалог құру барысында мектеп психологының негізгі функциялары мен міндеттерін түсіндіріп, тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын үйретті. Семинар барысында №97 МГ педагог-психологы Куанышева И.С. және №31 МГ педагог-психологы Астрелина И.В. жұмыс барысында қолдануға болатын тренинг ұйымдастырып, №96 МГ педагог-психологтары Кайсина Н.Б. және Жусупова Д.Ж. семинар қатысушыларымен түрлі ойындар өткізді.
Семинар соңында белсенділік танытқан педагог-психологтарға алғыс хаттар табысталып, қатысушылар естелік суретке түсіп, іс-шараны жағымды эмоциялармен аяқтап, алғыстарын білдірді.

