Жиналыс «Буллинг дегеніміз не?» тақырыбына

8 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Кошаналиева Э.К. №105 орта мектебінде жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыс «Буллинг дегеніміз не?» тақырыбына арналды және оған 150 ата-ана келді.

Элеонора Қайратовна, буллингтің салдары, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін өте ауыр болуы мүмкін екеніне тоқталды. Ол адамның өз-өзіне деген сенімділігін төмендетіп, психологиялық жарақатқа, әлеуметтік оқшаулануға, мектепке баруға деген қорқынышқа, тіпті депрессияға немесе суицидке де алып келуі мүмкін. Сондықтан, буллингке қарсы әрекет жасап, зардап шеккендерге қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *