6 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ мен №15 «Дарын» балабақшасы бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «ЕБҚ бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында практикалық семинар өткізді, аталмыш шараға 31 педагог қатысты. Семинарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау бойынша тиімді жаңа әдістер мен тәсілдер талқыланып, тәжірибелік жұмыстар өткізілді. Бұл іс-шара педагог-психологтарға өз тәжірибелерінде қолдануға болатын заманауи құралдарды ұсынуды көздеді.

