2024 жылдың 25 желтоқсанында №103 ОМ базасында «Психологтар күніне» орай, Астана қ. «ПҚО» КММ ұйымдастыруымен салтанатты марапаттау рәсімі өтіт. Марапаттау рәсіміне Астана қаласының ТжКБ және ҚББ, мектеп педагог-психологтары қатысты.
Шара барысында Астана қаласындағы «Әкелер Одағы» басшысының орынбасары, ментор әрі коуч-жаттықтырушы Марат Кошкинбаев сөз сөйлеп, «Өз жұлдызыңды жақ» атты мотивациялық тренинг өткізді. Концерттік бөлімде «Сырлы Саз» фольклорлық ансамблі, «Ерке сылқым» би тобы өнер көрсетсе, №2 Өнер мектебі оқушыларының орындауында әндер шырқалды.
Кеш соңында педагог-психологтарға кәсіби шеберлігі және психологиялық қолдау жүйесін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін Астана қаласы білім басқармасының және «психологиялық қолдау орталығының» алғыс хаттары табыс етілді.

