Психология апталығы

23 желтоқсан күні №84 МЛ «Психология апталығы» аясында елордалық мектеп және ТжКБ ұйымдарының педагог-психологтарына арналған, «Жаңа белеске бірге көтерілейік: шабыттандыр, ынталандыр, бағытта» атты қалалық семинар-практикум өтті.

Семинарға Орталық Азия аймағының когнитивті-мінез-құлық терапиясы қауымдастығының президенті, клиникалық психолог, эмоционалды интеллект бойынша жаттықтырушы Ж.К. Нуркина және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Психология» кафедрасының PhD ізденушісі, Қазақстандағы Еуропалық психология мектебінің өкілі Р.Д. Кереева қатысты.

Іс-шара қонақтарының сөз сөйлеуі КМТ әдістері арқылы эмоционалды интеллектті дамыту және жасөспірімдермен жұмыс кезінде мұғалімдерді ынталандыру мәселелерін қозғады.

Семинар соңында қатысушылар іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ПҚО әдіскерлеріне алғыстарын білдірді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *