Кәмелетке толмағандарды жыныстық қол сұғылмаушылықтан қорғау және есірткі айналымынан тарту бойынша қылмыстардың алдын алу

17-18 желтоқсан күндері «Астана қаласы Білім басқармасы» ММ және «Право» ҚҚ ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды жыныстық қол сұғылмаушылықтан қорғау және есірткі айналымынан тарту бойынша қылмыстардың алдын алу» атты білім беру ұйымдарының психологтарына арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Астана қаласы «Білім басқармасы» басшысының орынбасары С.Т. Әділбаев және «Право» ҚҚ директоры О.В. Рыль алғысөзбен ашты.

Аталмыш тренингке ПҚО әдіскерлері мен психологтары қатысты. Семинар бпрысында ҚР ДСМ РҒПО өкілі Гульайым Рябоконь кәмелетке толмағандардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы топтық жұмыс жүргізді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды, олар өз тараптарынан Астана қаласы «Білім басқармасының» басшысы Қ.С. Сенғазыевке және «Право» ҚҚ директоры О. В. Рыльға осындай семинарлар үшін алғыстарын білдірді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *