2024 жылдың 13 желтоқсанда қоғамның «Травматология және өміршеңдік» орталығының, Бостон балалар ауруханасының, Гарвард медициналық мектебінің (АҚШ) ғылыми қызметкері, PhD докторы Саманта Авада және «Өркен» балалардың әл-ауқатының Ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ Президенті Иманғалиев Есенғазы Нұртолеуұлы орталықтың қызметімен танысу мақсатында елордалық психологиялық қолдау орталығына барды.
ПҚО басшысы Капанова Г.Қ. келген қонақты ПҚО негізгі миссиясымен және Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен қойылған міндеттерді іске асырумен таныстырды. Басшының орынбасарлары Ибрагим М.Б. және Боранбаева А.С. жұмыстың негізгі бағыттары туралы, психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Қошаналиева Э.Қ. балаларға, ата-аналарға және педагогтарға тегін психологиялық көмек көрсету мүмкіндігі туралы айтып берді. Саманта Авада ПҚО жұмыс бағыттарының маңыздылығын және бүгінгі таңда қоғамға психологиялық білім берудің маңыздылығын жоғары бағалады.

