Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» ұжымы орталыққа бөлінген көлік үшін Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы Сенғазыевке шынайы алғысын білдірді. 2024 жылдың 11 желтоқсаны ПҚО үшін ерекше күн, өйткені Орталық қызметкерлері кезекті мобильді қызмет ету миссиясына қызметтік көліктерімен шықты. ПҚО психологтары мен әдіскерлерін көлікпен жабдықтау, жұмысты бұдан да тиімді ұйымдастыруға және сұраныстар мен өтініштерге жедел жауап беруге мүмкіндіктер береді

