26 тамыз күні ПҚО базасында «2025-2026 жаңа оқу жылында балалар қауіпсіздігінің алдын алу» атты семинар өтті, шараны Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырды. Семинарға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтер мен педагог-психологтер қатысты.
Семинарды Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлім Мұхамеджанқызы жүргізді.
Семинар барысында басты назар балалардың мектептегі, үйдегі, қоғамдағы және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз етуге аударылды. Қатысушылар киберқатерлердің өсуі, буллинг, балалардың эмоционалдық қиындықтары және дағдарыстың алдын алуда ата-аналар мен педагогтердің рөлі жөнінде пікір алмасты.
Семинар соңында педагогтер өткен оқу жылындағы жемісті жұмыстары үшін Астана қаласының Білім басқармасы мен «Психологиялық қолдау орталығының» алғыс хаттарымен марапатталды.

