«Психологиялық қолдау орталығының» әдіскерлері жас педагог-психолог мамандарына арналған № 96 МГ базасында қалалық семинар өткізді. Барлығы 25 педагог қатысты.
Ата-ана мен бала арасында конструктивті диалог құру ерекшеліктері тақырыбында өткен семинар барысында жас мамандарға, орталық әдіскерлері әдістемелік көмек көрсетті. Ата-аналармен диалог құру кезінде мектеп психологының функцияларын түсіндіріп өтті. Семинарға белсене қатысқан психологтарға алғыс хаттар беріліп, естелік суретке түсті.

