№91 мектеп-гимназиясында бүлдіршіндер мектебінің балаларына арналған «Қауіпсіздік сабағы» өтті

20 тамызда «Психологиялық қолдау орталығының» бастамасымен №91 мектеп-гимназиясында бүлдіршіндер мектебінің балаларына арналған «Қауіпсіздік сабағы» өтті.

 Сабақты түсінікті және танымды ету үшін Орталықтың психологтары оны квест ойыны түрінде өткізді. Көп жағдайда балалар не істеуге болмайтынын біледі, бірақ оны қалай жасамау керектігін білмейді. Қауіпті жағдайға тап болған бала шатаспау үшін нақты ережелерді білуі керек. Осы уақытта біздің мамандар өткізетін сабақтар үлкен қызығушылық туындаттыратыны сөзсіз. Балалар ұйымдастырылған арнайы ойындарға белсенді қатысып, бейтаныс адамдармен қалай әрекет ету керектігін, әртүрлі жағдайлардан қалай шығу керектігін бақылап отырды.

Балалармен бірге өткізілген іс-шараға мектеп педагогтары да қатысып, Орталық психологтарына қызықты іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *