Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ №89 МЛ базасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын педагог-психологтарына қалалық семинар ұйымдастырды, семинарға барлығы 110 педагог қатысты.
ПҚО әдіскері Сатымбекова Т.С «Ерекше білімді қажет ететін балалармен педагог-психолог жұмысының ерекшеліктеріне» тоқталып, жұмыс бағыттарын көрсетті. Семинар барысында ҚҚ «LS DAMU» директоры Борамбаева Н.А., мектепте ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған тәжірибелік тәсілдер ұсынды,
Аталмыш семинар педагогтардың тәжірибесімен алмасу үшін тиімді алаңға айналды. Психологтар ЕБҚ бар балаларды жан-жақты қолдау үшін әдістемелік ұсыныстар, пайдалы практикалық әдістер алды. Семинар қорытындысы бойынша педагогтар ынтымақтастықты жалғастыруға, балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тәжірибе алмасуға ниет білдірді.

